2021 ж. Сәуір 14

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан өткізу тәртібі

Қызылорда облысы бойынша басшылық функция атқаратын жұмыскерлер мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту және олардың білімін тексеруді жүргізетін 26 оқу орны жұмыс жасайды.

Аталған оқу орталықтары өндірістік ұйымдардағы жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау әдіс-тәсілдерін оқытып, үйретуді жүзеге асырады.

Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда мамандық бойынша оқытуды (сабақтар, дәріс, семинарлар) жұмыс беруші, тиісті саладағы жоғары білікті мамандарды және ұйым өзінің тәжірбиелі инженерлік-техникалық жұмыскерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып, жүргізеді.

Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқытуды оқу бөлмелерінде, шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауаптылардың басшылығымен өткізеді.

Сипаты мен өткізу уақыты бойынша нұсқамалар, білімдерін ауызша немесе техникалық оқу құралдары арқылы тексеретін, кіріспе, жұмыс орнында өткізілетін алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты болып бөлінеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудан, нұсқау алудан және білімдерін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мәселелері бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерді тексеруді жұмыс берушінің бұйрығымен құрылатын, кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясы өткізеді және комиссия төрағасы мен тиісті біліктілігі бар комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібі жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.

Жұмыскерлердің білімдерін тексеру нәтижелері осы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

Білімін тексеруден сәтті өткен жұмыскерге еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерді, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі куәлік беріледі.

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудан өткізудің негізгі мақсаты өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын-алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар болып табылады.

Осыған байланысты, жұмыс берушілер тарапынан өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін жұмыскерлерді оқытудан және білімін тексеруден өткізу тұрақты негізде жүргізілуі тиіс.

А.Алматов

Облыстық еңбек саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған