QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Ж. Маханбетов ауылындағы балабақша жөнделуде

Автор:QAA.kz

Апр 18, 2019

Қала әкімі мен “Nur Otan” партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов пен қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова жаңа мейрамхананың жұмыстарымен танысқан соң, ауылдағы А.Найзағараев көшесінде орналасқан балабақшаның жөндеу жұмыстарын көрді.

120 балаға арналған балабақша ғимараты 1983 жылы салынған. 1983-1994 жылдар аралығында балабақша болса, кейін 1997 жылы Ж.Маханбетов ауыл әкімшілігі болған. 2013 жылға дейін ғимаратта уақытша кітапхана, ауылдық дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйі орналасып жұмыс жасаған. Енді бұл ғимарат тұтастай қайта жөндеуден өтіп жатыр. Алдағы уақытта балабақша болатын ғимаратты “АВМ Элит” ЖШС-і күрделі жөндеуден өткізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 66 653 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Балақайлар үшін жасалып жатқан қам-қарекет ауыл тұрғындарының көңілінен шығуда. Күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында бітіп, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады.

— Құрылыс нысанасы биылғы жылдың 1 наурызында басталды. Келісім шарт бойынша 4 айдың ішінде аяқтап тапсыруға тиіспіз. Біз бірінші маусымға дейін бітіріп, тапсыратын боламыз, — дейді, “АВМ Элит” ЖШС-і басшысының орынбасары Кашкенов Ербол.

2013 жылдан бері пайдаланылмай тұрған ғимарат ішіндегі қарбалас жұмыстың басында 35-ке тарта құрылысшы еңбек етуде. Балалардың қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тәжірибелі мамандар жасап жатыр. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін мемлекеттік балабақшада 53 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *