QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Зейнетақы қорындағы ақша баспана салуға жұмсалуы мүмкін

Автор:QAA.kz

Май 1, 2019

Вице-министрдің айтуынша, қазір Қазақстан әлем елдерінің тәжірибесін зерделеп жатыр.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде көптеген әлем елдері жалға берілетін баспана құрылысына жеке инвестицияларды, банк ақшасын, зейнетақы қорындағы қаражатты құяды. Яғни, олар инвестор рөлін атқарады, баспана тұрғызып, оны жалға береді. Ал одан түскен ақша елдің кіріс бөлігіне түседі.

«Қазір Қазақстан барлық әлемдік тәжірибені зерделеп жатыр, түрлі позицияны қарастырамыз. Егер зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану тиімді болса, онда жұмсайтын боламыз», — деді Өскенбаев сенат кулуарында.

Оның айтуынша, биыл 6 мың көпбалалы отбасы сатып алу құқынсыз жалға берілетін баспанамен қамтылады. Бұған қоса, тағы 6 мың отбасы, яғни көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2 проценттік жеңілдетілген ипотекамен үй ала алады. Сонда барлығы 12 мың отбасының осы жылы баспаналы болуға мүмкіндігі бар.

sputniknews.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *