QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді?

Автор:QAA.kz

Фев 20, 2019

Қазақстан Республикасының «2019-2021жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында         2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері (әрі қарай- АЕК) – 2525 теңге болса,ең төменгі зейнетақы– 36108 теңге,күнкөріс деңгейі – 29698 теңге,базалық зейнетақы төлемі – 16037 теңге,  ең төменгі жалақы – 42500 теңге болып белгіленді.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің алып отырған мөлшері 7% -ға арттырылды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты көбейтілді. Мысалы: Зейнеткердің  еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда  зейнетақысының  мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында базалық зейнетақы төлемімен қосқанда (66378+28284)= 94662  теңгені құраған болса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға көбейткенде 66378 х 7%=71024 теңге, оған  29698теңге  базалық зейнетақы төлемін қосқанда (71024+29698=) барлығы 100722 теңге алатын болады, яғни 6060 теңгеге көбейеді.

Егер еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда  орташа зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемін қосқанда (47659+20930) =68589 теңге мөлшерінде зейнетақы алушы, 01.01.2019  жылдан бастап  7 пайызға арттырылғанда 47659 х 7%=50995теңге, оған  21977 тенге базалық зейнетақы төлемімен қоса,  барлығы (50995+21977=)72972 теңгені құрап, 4383 теңгеге ұлғайды.

2018 жылдың желтоқсан айында  ең төменгі зейнетақы мөлшері еңбек өтілдері  -20 жыл  болған жағдайда  базалық зейнетақы төлемімен қоса (33745+20930) =54675 теңге мөлшерінде зейнетақы алатын зейнеткердің зейнетақысы 7 пайыз есебімен  33745 х 7%=36108 теңге, оған  базалық зейнетақы төлемін  қосқанда (36108+21977=58085 теңге болады немесе 3410 теңгеге арттырылды.

2019 жылдан бастап тағайындалатын зейнетақы төлемін есептеу кезінде алынатын табыстың ең жоғарғы мөлшері 116150 теңгемен шектеледі (2525 теңге АЕК х 46 еселенген).

Осы табыстан есептелетін зейнетақының ең жоғарғы мөлшері  базалық зейнетақыны қоспағанда (116150х75%) =87113 теңгені құрайды , яғни ең жоғарғы табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.

Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына  байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және тағы да басқа жәрдемақы алушылардың төлемдері  5 пайызға арттырылды. Мысалы: Жалпы ауру салдары бойынша 1 топ мүгедегінің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысының мөлшері  2018 жылы –54306  теңгені құраса,  ал, 2019 жылдан 57020 теңге болды, яғни 2714 теңгеге көбейді.  2 топ мүгедегі  43275т мөлшерінде  жәрдемақы алса, 2019 жылға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысының мөлшері 2163 теңгеге көбейіп, 45438 теңгені құрайды.

Ал, мүгедек баланы  және кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата–анасына, қамқоршысына берілетін жәрдемақының мөлшері   ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,05 еселенген мөлшерінде  есептеліп,  (29698 х 1,05)=31183 теңге болды. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларға отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған 1 мүшесі үшін  жәрдемақысының мөлшері 24325-тен 25540-теңгеге арттырылып, яғни 1215 теңгеге көбейді. Одан әрі отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған  мүшелерiнiң санына қарай коэффициенттерінің өзгеруіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақысының мөлшері де өзгерді.

№1,№2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы жәрдемақыларарнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балалар жәрдемақыларының мөлшері   айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес көбейді.

Атап айтқанда,  бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері бірінші-үшінші бала туылғанда  2018 жылы —91390 т болса ,2019ж – 95950 теңге, яғни 4560 теңгеге , ал төрт және одан да көп бала туылғанда 2018ж —151515-теңгеден  159075 теңге немесе 7560 теңгеге артты.

Бала бір жасқа толған дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының мөлшері: тууы кезектілігіне байланысты: бірінші балаға 14544 теңге болса, екінші балаға  17195 теңгені, үшінші балаға  19821теңгені, төртінші және одан да көп бала туылғанда 22473 теңгені құрап отыр.

А.Бұхарбаева

Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон

комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің

№1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің

бас маманы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *