2021 ж. Сәуір 17

Заманның бекеті

Ел бойынша жанармай бекеттерінің саны 400-ге жуық. Ал біздің өңірге олардың 50-і орнатылған. Қазіргі күні көпшілік бекеттерде 92 маркалы бензин сұранысқа ие. Десе де, аталған түрді ең сапалысы деп айту қиын. Онан жоғарыларының бағасы мен сапасы да жоғары. Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолында мен деген ең мықты компаниялардың жанармай бекеттері орналасқан. Бұлардың рөлі жүк көліктеріне өте маңызды. Кезінде жолда майы таусылып, қиналып қалар жүргізушілер көп еді. Қазіргі таңда аталған мәселе
қарқынмен шешімін табуда. Қызылорда қаласының сыртқы аумағында жаңа жанармай бекеті ашылды. Нысанның түр-сипаты соңғы үлгіде жасалып, келуші қонақтарға жақсы жағдай жасалған. «Qazaq oil» брендіне тиесілі станцияда 23 адам екі ауысымда қызмет етуде. Ішінен шығатын асханалық өнімдер мен басқа да қажеттіліктерге қарап шетелдік көрініс ойсыз еске оралады. Сондай-ақ, нысанның қарамағында жолшыбайларға арналған душ пен әжетхана да орналасқан. Көп жолақты ұзын жолдың бойында орналасқандықтан жаздың күні қала маңынан өтуші жүк тасушыларға суық судың керегі анық. Станцияда 16 колонка жұмыс істейді. Бұл дегеніміз тұтынушылардың кезегін жылдам жүргізуге үлкен мүмкіндік туғызады. Ашылу салтанатына арнайы барған қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы:

Мемлекет тарапынан да, қала әкімшілігі тарапынан да кәсіпкерлікті қолдауға жақсы жұмыстар жасалуда. Мұндай станцияның өзі қанша адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан, келуші қонақтарға сапалы қызмет көрсетеді деген ойдамыз, -деді.

Сонымен қатар, жақын арада аталған бекетке АИ-98 маркалы сапалы бензин жеткізілетін болады. Дәл мұндай бензин
түрлері қалада жоқ дейді кәсіп иелері.

Қызылорда қаласына кіреберістегі ҚазМұнайГаз бекеті жаңғыртылып, Qazaq oil маркасымен қызмет етуде. Дәл осындай нысандар қала ішіндегі Сұлтан Бейбарыс көшесінде де жаңғыртылып, сәуір айында пайдалануға берілмек. Жаздың уақытында Павлодар-Қызылорда жолында тағы да бекеттер пайдалануға берілмек,-дейді «Petro Retail» ЖШСнің өкілі Айдар Балғожаев.
Аталған нысанға «Petro Retail» ЖШС-гі өз қаражаты есебінен 700
миллион теңге қаржы бөліп, заманауи бекет пайдалануға берілді.
Жұмыспен қамтылғандардың бірі Жадыра Байжігітова оқу бітіре салысымен жағымды жаңалықты естіп, осында түйіндемесін тастаған көрінеді. Талаптарға сай болған 20 жасар қала тұрғыны аталған бекетте кассир қызметін атқаруда. Сондай-ақ, бекеттің ішінде жанармай мен керекті азық-түлік те сатылады. Дайын тағам өнімдері,
автокөліктерге қажетті сұйықтықтар және кішігірім тамақтанатын орын да қарастырылған. Бір тәулікте 700 көлікке қызмет көрсете алатын бекеттің тағы бірі Наурыз мөлтек ауданында пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, аталған брендтің жанармай станциялары бүгінде Арал мен Қармақшы аудандарында жұмыс жасауда.


Д.АМАНГЕЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған