QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ «СЫБАҒАСЫ» ДАЙЫН

ByQAA.kz

Қар 12, 2020

Аймағымызға белгілі кәсіпкерлердің бірі жаңа өнім шығара бастады. Сатуға түсетін кезі де алыс емес. Әзірге ресми тіркеу, стандарттау жұмыстары жүруде. Ресми құжаттандыру аяқталғаннан кейін қала дүкендерінде еркін сатыла бастайды. Жаңа өнім Қызылордадағы жеңіл және тамақ өнеркәсібінің алғашқы қарлығаштарының бірі болуы да мүмкін. Айтпақшы жаңа өнімнен ауыз тиіп, дәмін көріп, ұнатқандар да бар.

Қымбатты жерлестер! Қауіпті індет кезеңінде облыс халқын дәрі-дәрмектен бөлек, бірінші кезекте азық-түлік өнімдерімен, тағаммен қамтамасыз етудің маңызы зор екені басымыздан өтті. Осы мақсатта бүгінгі күні облыс орталығында “Түрлі өнімдерді консервілеу өнеркәсібі” жобасы жүзеге асуда. Бұқтырылған қой, сиыр және жылқы еттері, сондай-ақ, күріш, қарақұмық, арпа ботқалары консервіленіп, дайын өнімдер күйінде шығарылуда. Бұл жоба бойынша алдағы уақытта алма повидлосы мен өрік қайнатпалары әзірленбек. Осы өнеркәсіптің пандемия кезінде бос тұрып қалған мейрамхана базасында жасалып отырғанын айта кету керек. Өзім дайын өнім консервілерінің дәмін татып көрдім, ұнады. Кейде жұмыста жүріп, тамақ пісіруге уақыттары бола бермейтін адамдар үшін өте қолайлы. Бағасы да халыққа қолжетімді болмақ.

Облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың ФБ парақшасынан

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған