04.10.2020 жылы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған.
Тексеру барысында мамыр айында қала тұрғыны сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырамын, сондай-ақ қолжетімді бағамен баспана сатып алуға көмектесемін, сіңілісін университетке түсуруге көмек беремін деп алдағаны белгілі болды. Осылайша, алаяқ өзінің уәделерін орындамай, алдау жолымен жәбірленушінің 5.245.000 теңге сомасындағы ақшасын иемденген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті, бұрын сотты болған, 28 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталды.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде.
Қызылорда қаласының полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтардан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды!
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі