QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қызылордалық полицейлер онлайн форматта оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізді

ByQAA.kz

Қаз 5, 2020

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары үшін «Есірткі туралы шындық» тақырыбында онлайн семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтің мақсаты – нашақорлыққа байланысты проблемаларды анықтау және есірткі мен басқа да психоактивті заттарды алғашқы қолданудың алдын алу.

Есірткіге тәуелділіктің алдын – алудың басты ерекшелігі – жасөспірімдерге психоактивті заттарды қолданудың әлеуметтік салдарларын түсіндіру, себебі медициналық салдары туралы жасөспірімдер біледі. Профилактикалық жұмыстың ең тиімді әдісі тренинг сабақтары болып табылады.

Семинар-тренинг жасөспірімдер аудиториясымен жұмыс істеудің негізгі әдістемелік талаптарын ескере отырып, жасөспірімдер аудиториясымен «тең дәрежеде» қарым – қатынас жасау тәсілі қолданылды.

Кездесу барысында балалардың нашақорлық проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, балалардың нашақорлыққа деген көзқарасын өзгерту, «Есірткіге жоқ» деп айта білу және денсаулықты сақтауға уәждемені қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Семинар-тренингке 2000-нан астам оқушы қатысты.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған