QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылордалық көп балалы аналар қандай ұсыныс айтты?

Автор:QAA.kz

Фев 8, 2019

4 ақпан күнгі оқиғадан кейін Астана, Алматы, Шымкент қаласының көп балалы аналары әкімдіктерге барып өз талаптарын қойған еді.

Қызылордалық көп балалы аналар жанайқайын айтып, «қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келді.

– Мен де көп балалы анамын. Мен де кешкі уақытта балаларымды асырау үшін амалдың жоқтығынан мейрамханаларға барып ыдыс жуамын. Сондағы алатын ақшам 2000 теңге. Тағы да айтарым мен патронатты анамын. Менің ай сайынғы алатын әлеуметтік көмегімнің ақшасы қаңтар айында берілмеді. Сол ақшалар қайда?, — деп ашынды Зинагуль Базылбекова.

Мекеме басшылығына өз ұсыныстарын айтуға келген аналар мынадай мәселелерді жеткізді.

  1. Жалғыз басты көп балалы аналарға банк арқылы алдын-ала төлемсіз баспанаға несие берілсін.
  2. Әлеуметтік көмек жағынан жәрдемақы бұрынғыша қалдырылсын және оны көбейтсін.
  3. 18 жасқа дейінгі берілетін жәрдемақы қайта берілсін.
  4. Банктегі шоттардың жеке сот орындаушыларына берілуіне тыйым салынсын.
  5. Мектеп оқушыларының қоғамдық көлікте жолақысыз тегін жүру қамтамасыз етілсін.
  6. Облысымыздағы жұмысшылардың айлық табысы жоғарыласын.
  7. «Алтын алқа», «Күміс алқа» аналарға тегін немесе жартылай жеңілдіктер қарастырылсын.
  8. Әйелдердің зейнет жасы қайта қаралсын.
  9. 12 жасқа дейінгі балаларға дәрі-дәрімектер емханаларда тегін берілсін.
  10. Жеке сот орындаушыларынан жұмыс орнымызға келіп жатқан хаттар бойынша айлықтан, жәрдемақыдан 25%, 50% ұстау туралы қаулы жойылсын.

Мекеме басшысының кабинетінде көп балалы аналар талап арыздарын жазып қалдырып жатты.

Көп аналардың айтуынша мемлекет кәмелеттік жасқа толмаған әрбір балаға берілетін жәрдемақынының құжаттарын дайындау барысында үйдегі әрбір адамның кірісін есептеп оларға жәрдемақы беруден бас тартатын көрінеді. Сонымен қатар, мұнда келген кейбір аналар «бос уәде» деп те тарқасып жатты.

АҚМЕШІТ АҚШАМЫ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *