QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылордада соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырғандар тіркелген жоқ

Автор:QAA.kz

Май 4, 2020

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны — 214. Соңғы тәулікті жаңа жағдай тіркелген жоқ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте жаңадан жағдай тіркелген жоқ. Себебі, мереке күндерін пайдаланып, зертханалық құрылғыларды тазалап, жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соңғы тәулікте барлығы 70 зертханалық сынама алынса, оның 60 сынамасы теріс мәнді болды. 10 сынама зерттелу үстінде. Қалдық тест — 5392», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3242 азамат анықталды. Оның ішінде, 1746-сы жақын қарым-қатынаста, 1496-сы жанама байланыста болған.Жалпы облыс бойынша бүгінгі тәулікке дейін 214 науқас тіркелсе, оның 138-і сауығып, үйлеріне шығарылған. Қазіргі кезеңде инфекциялық стационарда -76 науқас ем қабылдаса, 24-і провизорлық стационарға, 402-сі карантиндік стационарға жатқызылған.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *