QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 448-ге жетті

Автор:QAA.kz

Июн 3, 2020

03.06.2020ж. сағат 09:30 уақыты бойынша аймағымызда «Covid-19» вирусын жұқтырғандар қатары 448-ге жетті.

Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Анықталған 23 жағдайдың 20-сы Қызылорда қаласынан, 3-уі Жаңақорған ауданынан тіркелді.Бүгінгі күнге инфекциялық стационарда 161 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 науқас жансақтау бөлімінде. Екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ИВЛ аппаратына қосылған. Екеуі ауыр күйінде қалуда. Тәулігіне алынған 818 тест сынамасының 625-і теріс мәнді, 23-і оң мәнді болып шықты. Қалған сынамалармен жұмыс жасалуда.

Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 448 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында – 237 жағдай, Арал ауданы – 47, Қазалы ауданы – 7, Қармақшы ауданы – 7, Сырдария ауданы – 27, Шиелі ауданы – 75, Жаңақорған ауданы – 48).

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *