QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылордада карантин күшейтілді

Автор:QAA.kz

Июн 10, 2020

9 маусымнан бастап тұрғындар арасындағы короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қызылорда қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №5 Қаулысы күшіне енді.

Қаламызда короновирус инфекциясының нақтыланған жағдайларының 7 пайызға өсуіне байланысты қала аумағында инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатын болады.

Көпшілік мерекелік іс-шаралар, ұжымдық, жанұялық жиындарға тыйым салыну жалғастырылуда.

— компьютерлік клубтар, букмекерлік және лото, мото- конторалардың жұмысы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін шектеуді;(оның алдында 23.00-ге дейін болатын)

— кинотеатрлар, түнгі клубтар, сауда ойын-сауық орталықтары жанындағы балалар ойын алаңдары қызметін тоқтата тұруды;

— балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру лагерлері, мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің жұмыс жасуына тыйым салуды;

— оқушылар және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына тыйым салуды;

— қалалық демалыс паркі өз жұмысын санитарлық-дезинфекциялық нормаларды қатаң сақтай отырып жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар штат кестесінде 30 астам қызметкер болған жағдайда 50 пайыз қашықтықтан жұмыс жасау нысанында қалады.

Жалпы, коронавирус инфекциясына байланысты қалыптасқан жағдай қатаң бақылауда. Жоғарыда аталған талаптардың сақталуын бақылау мақсатында қала әкімдігі жанынан мобилдік топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 9 хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Сіздерден тағы да өтінетініміз барлық айтылған санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтап, карантиндік шектеулер мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолында!

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *