QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қызылордада емханалар жоспарлы жұмысын бастады

ByQAA.kz

Там 3, 2020

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов брифинкте айтты. Оның айтуынша, «Үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің» №5 жатақханасынан ашылған 360 төсек орынға арналған провизорлық стационары жабылса, одан бөлек 60 төсек орынға арналған Облыстық тері-венерология диспансері мен 40 төсек орынға арналған Қызылорда теміржол ауруханасының провизорлық стационары 1 тамыздан бастап өз жұмысын токтатып, 3 тамыздан бастап қалыпты жұмыстарына көшті.

Сонымен қатар, бастапқы медициналық- санитариялық көмек көрсету ұйымдары, яғни емханалар жоспарлы жұмыстарын бастады. Яғни бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету деңгейінде уақытша тоқтатылған – Скринингтік тексерулер (скринингтік тексерулердің барлық түрі);

– Профилактикалық тексерулер науқастардың профилактикалық мақсатта емханаға келуі (жұмысқа және оқуға баратындардан басқалары);

– Жоспарлы стоматологиялық қызмет (жоспарлы стоматологиялық қызметтердің барлық түрі);

– Оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері (мектеп медицинасы), медициналық оңалту ІІІ сатысы (амбулаторлы жағдайда көрсетілетін реабилитация);

– Салауатты өмір салтын ұстану бойынша шаралар (СӨСҚ кабинеттерінің жұмысы;

– Денсаулық мектептерінің жұмысы) және психологиялық көмек көрсету қызметтері өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

5 тамыздан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығының 120 төсек орынға арналған инфекциялық стационары жабылып, 100 орынға арналған провизорлық стационар болып қайта бейіндендірілетін болады.

Ал 10 тамыздан бастап көпбейінді қалалық аурухананың 210 орынға арналған провизорлық стационары жабылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шұғыл және жоспарлы емдеу жұмыстарын бұрынғыша жалғастыратын болады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған