QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қызылордада 3000-нан астам адам коронавируспен тіркелген

ByQAA.kz

Там 3, 2020

Бұл туралы брифинг барысында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.

Бүгінгі ахуалға тоқталар болсақ, аймағымызда коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны –– 3026. Оның ішінде 1789-ы Қызылорда қаласынан, 103-і Арал ауданынан, 99-ы Қазалы ауданынан, 126-сы Қармақшы ауданынан, 109-ы Жалағаш ауданынан, 174-і Сырдария ауданынан, 277-і Шиелі ауданынан және 349-ы Жаңақорған ауданынан тіркеліп отыр.

2-ші тамыз күні бойынша коронавирус инфекциясымен 7 жағдай тіркелді. Жалпы емделіп шыққандар саны – 2118, бұл жазылғандар қатарының 70 пайызын құрайды.

Бір тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 117, барлық сынама тексерілді. Қалдық тест саны – 5102. Эпид. маусым басталғалы бері 67 520 сынама алынды.

Өңірімізде бүгінгі күні инфекциялық стационарда 163 науқас, провизорлық стационарда 403 азамат ем алуда. Қазіргі таңдағы жүктеме инфекциялық стационарда 25,2 пайызды және провизорлық стационарда 22,9 пайызды құрайды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған