2021 ж. Сәуір 14

Қызылорда: Жақсықылышқа қашан газ барады?

Қызылорда аймағы басшысының есебінен кейін «Сұрақ-жауапқа» кезек берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Облыс әкімі барлық сұрақтар екі апта ішінде қаралатынын, оларға нақты жауап берілетіндігін жеткізді.

Арал ауданы, Жақсықылыш ауылының тұрғыны Әуесхан Данашбай:

– 6 мыңнан астам тұрғыны бар Жақсықылыш ауылы Арал қаласы сияқты газға қашан қосылады?

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:

Арал ауданындағы Жақсықылыш ауылына бюджеттен 400 млн.теңге қаражат бөлінді. Бюджеттің жағдайы көтерсе биыл, немесе 2020 жылдың  I жартыжылдығында ауыл толық газбен қамтамасыз етіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған