QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда: Тұрғын үй сатып алуға кредит береді

Автор:QAA.kz

Май 14, 2020

 «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру» («Бақытты отбасы» бағдарламасы) бағыты бойынша 2020 жылдың мамыр айының 18-нен 21-і аралығында (карантин талаптарын сақтай отырып) үміткерлерден құжат қабылдау жалғасады.

Бағдарламаға:

көп балалы отбасы;

толық емес отбасы;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (баласы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);

4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;

6) төлем қабілеттілігін растау;

7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.

Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) Бағдарламаға қатысуға білдірген өтініші (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

6) соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама

7) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

8) Жоғарыда айқындалған санаттардың біріне өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар (көп балалы отбасы, толық емесе отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы).

ҚТҚЖБ шотында қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарыздарын береді.

Кредит беру талаптары:

қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды;

кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе ҚТҚЖБ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.

Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қабылдау орны: М.Шоқай көшесі, 147 үйі, №1, 2 терезелер, сағ. 9-00-19-00- ге дейін, байл. тел. 24-80-97, 24-80-61, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ

Бетперделік режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, (1,5 м кем емес) құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *