Қызылорда аймағы басшысының есебінен кейін «Сұрақ-жауапқа» кезек берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
Облыс әкімі барлық сұрақтар екі апта ішінде қаралатынын, оларға нақты жауап берілетіндігін жеткізді.
“Ақ жол” шаруа қожалығының иесі Данабек:
— Биыл егін мәселесіне байланысты. Сырдария өзенінің су жағдайы қалай болмақ?
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:
— Қазалы ауданында 615 га күріш күйіп кетті.Биыл жауын-шашын мөлшері жақсы. Өткен жылмен салыстырғанда 1млн. текше метр су артық жиналып отыр. Биыл су мәселесі қиындық туғызбайды.