QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

ByQAA.kz

Шіл 29, 2020

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде баспасөз конференциясын өткізді.

2020 жылдың 6 айында 47 адамға қатысты 17 қылмыстық іс түсіп, 1 қылмыстық іс біріктірілген, оның ішінде 1 іс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қаралған, 12 адамға қатысты 6 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 6 іске және 20 адамға көбейген.

2020 жылдың 6 айында барлығы 18 адамға қатысты 10 қылмыстық іс аяқталған. Осы мерзімде 16 адамға қатысты 8 қылмыстық іс айыптау үкімін қабылдау арқылы қаралған, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес, прокуратура органдарына қайтарылған. 1 іс бойынша 1 адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды.

Сот отырыстары дыбыс-бейне жазба құралдарын қолдану арқылы қаралған.

Сот төрағасы А.Сабыров осы кезеңде жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған есірткі заттарды заңсыз сату, адам өлтіруге бағытталу, адам өлтіру, адам өлтіруге тапсырыс беру сияқты қылмыстық істерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған