Қызылорда облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бортында болған үш экипаж мүшесі мен тоғыз әскери қызметкердің аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.
Басылымның жазуынша, мәлімет желіде пайда болған.
Тікұшақта болған экипаж командирі Роман Костыгов, экипаж командирінің көмекшісі, лейтенант А.Б.Айтбаев және борт технигі, майор Тимур Әділқанұлы Құдайбердиев көз жұмды.
Бортта майор Д.А. Қоңырбай, капитан С.М. Масалим, аға сержант М.Р. Шәріпов, кіші сержант А.Т. Абдулманов, аға лейтенант Г.К. Рахымбаев, евфрейторлар Б. Байбақов, М.А. Жұматов, А.Т. Әбділдинов, К. Сарқытбаевтар болған екен.
Сонымен қатар басылым мәліметіне сәйкес, тікұшақ 27 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 09:03-те Ақтаудан ұшып шығып, Бейнеуге жетіп, сол жерден сағат 12:36-да Крайний әуежайына бағыт алған. Тікұшақ Шымкентке сағат 17:50-де ұшып шыққан. Ал сағат 18:30-да Жалағаш елді мекенінің солтүстік-батысынан 15 шақырым жерде радиолокациялық белгінің және бортпен байланыстың жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды.