QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда облыстық сотында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері бойынша бекітілген түсіндірме талқыланды

Автор:QAA.kz

Май 15, 2020

Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу кезінде және одан кейінгі кезендерде аймақтағы жағдайларды анықтау, тиісті шешім қабылдау бағытында бейнеконференция байланысы арқылы семинар өтті.

Семинар сабағына Қызылорда облыстық сотының алқа төрағалары, Қызылорда қаласының орталығында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары, бейнеконференция байланысы арқылы облыстық полиция департаменті, облыстық прокуратура, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қызылорда облысы бойынша филиалының, екінші деңгейдегі банктердің, «Байқоңыр Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның, «Атамекен» ҰҚП облыстық кәсіпкерлер палатасының, облыстық кәсіпкерлік және туризм, облыстық мемлекеттік сатып алу, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармаларының өкілдері, сот орындаушылар, адвокаттар, заңгерлер, медиаторлар қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев ашып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері бойынша №1 түсіндірмесі бекітілгенін айтып өтті.

Шара барысында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Бақытбек Елшібеков, қалалық соттың судьясы Жазираш Дербісалиева, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәуле Утегенова аталған түсіндірме аясында баяндама жасап, түсіндірілген сұрақтардың бірқатарына тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Олар өз баяндамаларында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтық және әкімшілік істерде туындауы мүмкін сот тәжірибесінің сұрақтарын талқылады. Судья Ж.Дербісалиева талап қою мерзімінің өтуін есептеуге төтенше жағдай әсер етпейтінін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнің 182-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес талап қою мерзімінің өтуі тоқтатылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, семинардың екінші бөлігінде қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялар түсіндірменің қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану жөніндегі сұрақтарын өзара талқылады.

Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет өз сөзінде төтенше жағдай кезіндегі шектеулер барлық жағдайдың қалыпты деңгейін төмендетіп тастағанын және төтенше жағдай тоқтағаннан кейін түрлі мәселелер туындайтынын, бүгінгі бас қосу алдағы атқарылатын жұмыс барысын талқылауға септігін тигізетінін айтты.

Шара соңында семинар қатысушыларына көтерілген мәселелерді ретке келтіру мақсатында облыстық сотта құрылған мониторингтік топпен бірігіп жұмыс жасау ұсынылып, қатысушылар алдағы туындайтын мәселелердің алдын алу бағытында ортақ шешімге келді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

В Кызылординском областном суде обсудили утвержденное толкование отдельных вопросов судебной практики в связи с введением чрезвычайного положения

Кызылординский областной суд провел видеоконференцию для определения ситуации в регионе в период введения чрезвычайного положения в Республике Казахстан и его последующих этапах и принятия соответствующих решений.

В работе семинара приняли участие председатели коллегии Кызылординского областного суда, председатели и судьи судов, расположенных в городе Кызылорда, также посредством видеоконференцсвязи приняли участие представители филиала Национального Банка Республики Казахстан по Кызылординской области, банков второго уровня, АО «Национальная компания» Социально-предпринимательская корпорация «Байконур», АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства», областной Палаты предпринимателей НПП «Атамекен», областного управления предпринимательства и туризма, областного управления государственных закупок, региональные представители Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка, областного департамента полиции, областной прокуратуры, судебные исполнители, адвокаты, юристы, медиаторы.

Мероприятие открыл председатель судебной коллегии по гражданским делам областного суда Адильхади Шыгамбаев, который отметил, что в связи с введением чрезвычайного положения решением пленарного заседания Верховного Суда Республики Казахстан от 6 мая 2020 года №9 утверждено толкование№1 по отдельным вопросам судебной практики.

В ходе мероприятия председатель специализированного межрайонного экономического суда Кызылординской области Елшибеков Бакытбек, судья городского суда Дербисалиева Жазираш, судья специализированного административного суда города Кызылорда Утегенова Сауле выступили с докладом в рамках этого разъяснения, прокомментировали ряд вопросов и высказали свое мнение. В своих докладах они обсудили некоторые вопросы судебной практики по гражданским и административным делам, связанным с введением чрезвычайного положения. Судья Ж.Дербисалиева заявила, что на расчет срока исковой давности не влияет чрезвычайная ситуация, срок давности прекращается в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 182 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

Также, во-второй части семинара, судьи, специализирующиеся на рассмотрении уголовных дел, обсудили вопросы применения толкования в уголовном и уголовно-процессуальном законодательстве.

Председатель судебной коллегии по уголовным делам областного суда Калымбет Бакытжан указал, что ограничения, введенные при чрезвычайном положении, снизили нормальный уровень ситуации и что после прекращения чрезвычайного положения могут возникнуть различные проблемы и на сегодняшнем совещании должна быть обсуждена предстоящая работа.

В завершении мероприятия участникам семинара в целях упорядочения вопросов, поднятых на совещании была предложена совместная работа с мониторинговой группой, созданной в областном суде, участники пришли к общему решению в том, что надо вместе предотвратить будущие проблемы.

Пресс-служба Кызылординского областного суда

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *