QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда: Коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Автор:QAA.kz

Май 27, 2020

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 318-ғе жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 231. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының жаңадан 17 жағдайы тіркелді. Оның 14-і індет жұқтырғандармен байланыста болса,1 жағдай 24 мамырда Ресей Федерациясынан келген студенттен анықталған. Ал қалған 2 жағдай Д есепте тұратын науқастарды скринингтеуден белгілі болды»,-деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 4133 азамат анықталды. Оның ішінде, 2303-і тікелей қарым-қатынаста, 1830-ы ықтимал байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 66 адам ем алуда, карантиндік госпитальда-22, провизорлық стационарда-26, карантиндік стационарда-232 азамат бақылауда.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *