QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда әкімі көп адамды жұмысқа тұрғызды ма?

Автор:QAA.kz

Июл 30, 2020

Аймақ басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысын айтты. Оның айтуынша «Мемлекеттік бағдарлама аясында 37 млрд. теңгені құрайтын 276 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде облыста 9299 жаңа жұмыс орындары құрылады. Бүгіннің өзінде 7 768 адам жұмысқа орналасты. Ең бастысы, жобаларды жүзеге асыруда пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің 90 пайызы отандық өнімдер. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында біздің облысымызда 7,6 млрд. теңгені құрайтын 96 жоба мақұлданды. Жобалар аясында 570-ке тарта жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, «Бизнестің Жол картасы 2025» бағдарламасы аясында көзделген қаражат 1,7 млрд. теңгеден 3,4 млрд. теңгеге дейін екі есеге ұлғайтылды. Сонымен бірге, бизнесті қолдау бағдарламасы аясында қарастырылған құралдарды тиімді пайдалану үшін «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі Экономикалық даму жоспары» әзірленді. Жоспардың негізгі мақсаты — шағын және орта бизнес жобаларын дамыту және қолдау. Жалпы жоспармен экономиканың түрлі салаларында 265 жоба жүзеге асырылмақшы, оның ішінде биыл 24 млрд. теңгенің 95 жобасы өз жұмысын бастады, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдеу, мал шаруашылығын дамыту және тағы басқалары. Аймақта құрылыс қарқыны да бәсеңдеген жоқ. Қиын кезеңге қарамастан биылғы жылы барлығы 30 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланса, жыл аяғына дейін 22 нысан халық игіліне пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 1406 пәтерді құрайтын 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілісе, жыл аяғына дейін 74 тұрғын үй халық игілігіне пайдалануға беріліп, 1000 жуық жерлестеріміз жаңа баспанаға ие болады.

P.S. “Үмітсіз шайтан” деген…

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *