QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қызылорда: Ауылдар таза су сұрайды

ByQAA.kz

Ақп 15, 2019

Қызылорда аймағы басшысының есебінен кейін «Сұрақ-жауапқа» кезек берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Облыс әкімі барлық сұрақтар екі апта ішінде қаралатынын, оларға нақты жауап берілетіндігін жеткізді.

Ақбасты  елдімекенінің тұрғыны:

– Ақбастыда  ауызсу тапшылығы жайлы сөз қозғамақпын. Геологтар бірнеше рет жерді қазды, алайда ауызсу мүлдем шықпады. Арал Сарбұлақты топтық су құбырына қосады деп естіп едік.Осы жұмыс қашан басталады?

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:

Тоқабай, Абайда су сапасы өте төмен және тұзды. Сондықтан облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық құжаты дайындалуда. Тоқабай, Абай, Ақбастыға  ауызсу жеткізу үшін 3 млрд. қаржы керек. Бұл мәселе жайында үкіметке ұсынысымызды бердік. Тоқабай, Абай, Ақбасты ауызсу мәселесі 2 жыл ішінде шешімін табады. Сондықтан қырқына шыдадыңыздар, енді қырық біріне шыдаңыздар.

Шиелі ауданынан Бақыт Жәлімбетов:

Үш мыңдай халқы бар М. Шоқай ауылының тұрғындарына таза ауызсу мәселесі  шешімін таппай келеді. Осы мәселені шешуге көмегіңіз тие ме?

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:

Мұстафа Шоқай ауылында  ауызсу жұмыстарының жартысы биыл басталып, келер жылы бітеді.

Жаңақорған ауданынан Анарбек Баймұратов:

– Жаңақорған кентінде тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету ең күрделі мәселе. 2017 жылы су құбырларына жүргізілген процесстер басталған кезде қуанған едік. Қуанышымыз ұзаққа созылмады, арнайы құрылысты жүргізуге бөлінген мердігерлік мекеме өз жұмысын толық аяқтаған жоқ. Биылғы жылы ауызсу жұмыстары  бітетін мүмкіншілік бар ма?

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:

Алаңдамыңыздар, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстап отырмын. Су құбырына байланысты 4 млрд. теңгеге жұмыс жүргізілді. Күн жылысымен осы жұмыс басталады. Жаңақорған кенті биыл күзге орталықтандырылған таза суға қол  жеткізеді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған