QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда қалысар емес…

Автор:QAA.kz

Июн 11, 2020

Әлемді әбігерге салған, әрі ел аузына алғысы да келмейтін індет мәжбүрліктен күнделікті айтатын екі сөздің біріне айналды. Тарих бедерінде осы жыл дерттің дүйімді дүрліктіргенімен есте қалмақ.

Бүгінгі біз вирус салдарынан куә болған келеңсіздіктерді ұрпағымыздың ұрпағы тарихтан білер, бәлкім?! Қаржылай қиындық, кәсіпкерлердің нәпақасынан қағылуы, талай қызметкерлердің, жұмысшылардың жұмыс орындарынан қысқартылуы, мәдени және спорттық шаралардың көрермен, әрі қатысушыларсыз өтуі, қалалар мен аудандарда жұрттың шектеулі уақытпен жүріп, тосқауыл бекеттердің көздеген нысанға кедергі келтіруі… Бұл бер жағы… Облыс толығымен жабылады дегенде халықтың дорбасын арқалап, бетпердесін тағар тақпастан денсаулықтан бұрын ішер асын түгендеген кездеріне де куә болдық. Мұндай жағдай Қызылорда да ғана емес, еліміз бойынша орын алуда. Тіпті, өзге ел жұртшылығын да жүдетті.

Еліміз бойынша дертке шалдыққандар саны күн сайын емес сағат сайын артты. Дерек алғаш тіркелген уақытта көпшілік уайымға салынып еді, қазір бой үйреткендей. Ел аузында вирустың пайда болуымен күн сайын алып қашпа әңгімелер де болды. Түптеп келгенде әрбір адам денсаулық өзінің, дені сау халық мемлекеттің байлығы екенін әлі ұғынбайтындай.

Олай деуге негіз жоқ емес. Төтенше жағдай ел ішіндегі барлық облыстың тіршілік қарқынына тоқтау болды. Төтенше жағдай алынған соң, карантин мерзімі жеңілдетілген нұсқада жалғасуда. Салдары сіз бен бізге мәлім…

Айталық, күні бүгін (10.06.20) ел бойынша Алматы қаласы 2939, Нұр-Сұлтан қаласы 2543 дерегімен статистикадан көш бастап тұр. Одан кейін Қарағандыда 1238, Атырауда 1227, Шымкентте 992 індетке шалдыққандардың саны тіркелген. 500-ге жуық науқас тіркелген Қызылорда да қалысар емес. Бастапқыда үштіктен болған біздің өңірдегі көрсеткіш әлі жетіншіден төмендемеді. Мәселен, күні бүгін (10.06.20) облыс аудандарының ішінде Шиеліде 76, Жаңақорғанда 56, Арал да 50, Сырдарияда 27, Қармақшы мен Қазалыда вирус жұқтырудың 7 дерегі тіркелген. Ал облыс орталығында 250-ге жуықтаған.

Санның өсуі алаңдатады. Тиісті қаулылар жарияланып, тұрғындарға талаптар жарыса жеткізілсе де кейбірінде әлі де бейқамдық байқалады. Тіпті, кәсіпкерлік нысан иелері де ережелерге бағынбауда. Мәселен, қала бойынша санитарлық нор маларды бұзғаны үшін 22 шаруашылық нысанға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Карантиндік талаптарды жеңілдетудің алтыншы кезеңі іске қосылғалы, әрі шектеу шаралары жеңілдетілгелі қала мен аудан тұрғындары кезең-кезеңімен әдеттегідей тіршіліктеріне қайта оралуда. Нәтижесінде, облыс көлемінде CОVID-19 жұқтыру деңгейінің өскені байқалады. Осыған орай, облыстың Бас санитар дәрігері жергілікті тұрғындарды сақтық шараларды мүмкіндігінше сақтауды, қоғамдық орындарда бетперде мен қорғаныш құралдарын пайдаланып, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

«Аймақ бойынша коро навирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500­ге жетіп қалды. Науқастардың басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр. Қалыптасқан жағдайға орай эпидемиологиялық ахуал тұрақтағанша жаңа шектеулер енгізілмек. Қазірдің өзінде «Қамбаш» демалыс аумағы мен жазғы балалар лагерьлерінің ашылуы кейінге шегерілді», -­ деді облыстың Бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

Облыстың бас санитарының қаулысына сәйкес, «Қамбаш» де малыс аймағының жұмысы тоқтады. Мейрамханаларда қандай да бір мерекелер бойынша ұжымдық және отбасылық жиындарға тыйым салынды. Балаларға арналған жабық ойын алаңдары жақын арада жұмыс істемейді.

Сондай­ақ, Қызылорда қаласының Бас санитар дәрігері Жанар Жетілгенованың қала халқының арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы № 5 қаулысы жарияланды.

— Көпшілік іс­шараларды ұжым дық, жанұялық жиындарға тыйым салынуын жалғастыруды;

— Кинотеатрлар, түнгі клуб тар, сауда ойын­сауық орта лық тары жанындағы балалардың ойын алаңдары қызметін тоқтата тұруды;

Компьютерлік клубтар, букмекерлік және лото, мото конторалардың жұмысы күшей тілген санитариялық­дезинфекциялық режиммен бір адамға кемінде 4 шаршы метрді құрайтын аудан сақтала отырып, сағат 08.00­ден 20.00­ге дейін шектеуді;

— Жәрмеңкелердің, азық­түлік емес тауарлар, киім­кешек базарлары мен сауда орындарының жұмысын күшейтілген санитариялықде зинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, сағат 08.00­ден18.00­ге дейін шектеуді;

— Автокөлік базарлары жұмы сын жексенбі күні сағат 08.00­ден 13.00­ге дейін;

— Мал базарлары жұмысын сейсенбі күні сағат 17.00­ден 23.00­ге дейін шектеуді;

— Меншік нысанына қара мастан барлық балаларға арналған жазғы тынығу, сауықтыру лагерлеріне, мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің жұмысына тыйым салуды қаулы етті.

Қалада індеттің нақтыланған жағдайларының өсуі 7%-ға жеткен. Осыған орай, қала аумағында инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақса тында шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жалғаспақ.

Олай болса, Қызылорда тұрғындарын жаңа қаулының заңдылықтарына бағыну арқылы, өңірде дерттің бәсеңдеуіне өзіндік үлес қосулары маңызды екенін ұғынса дейміз.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *