2021 ж. Сәуір 14

Қызыл аймақта тұрған өңір жоқ

Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы жасыл аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Бүгінгі күні қызыл аймақта тұрған өңір жоқ. Ал Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта. Қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.

– Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, 2 137 адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ, – деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған