QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызанақтың кірісі көп…

Автор:QAA.kz

Окт 29, 2020

Қызылорда облысы әкімі Г.Әбдіқалықова: «Жазғы уақыт кезінде егіс егіліп болғаннан кейін, қиындықтар туындады. Қол режимінде басқаруға тура келді. Экология, табиғатты қорғау министрлігіне зор алғысымызды айтамыз. Күнде таңертең жұмысты солармен бiрге бастап, суды реттеп отырдық. Біздің кәсіпкерлерге, егіншілерге ерекше рақмет айтқым келеді. Өйткені, түсіністікпен қарады, суды кезеккезек беріп отырдық. Кемінде күніге 550 текше метр секундына су келу керек. Кейбір уақытта ол 400-ге дейін түсіп кеткен кездер болды. Дегенмен, биыл егін жақсы шықты. Гектарына 61,8 центнерден келiп тұр. Былтыр 60,3 болған еді. Жалпы, 551 мың тонна күріш жиналды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15 мың тоннаға көбірек. Егісті де әртараптандыру мәселесі бар. Биыл су жетпей, таршылық көрдік. Күрішті алсақ, 1 гектарына 33 мың текше метр су қажет етеді екен. Ал, тура сондай суды 10 мың гектар қызанаққа жұмсауға болады. Күріштің 1 гектарынан 650 мың теңге кіріс кiредi, ал, қызанақтан 25 млн-ға дейін кіріс алуға болады. Бұны мал азығындық жоңышқамен де, тамаққа қажетті басқа да дақылдармен салыстыруға болады. Сондықтан, енді кәсіпкерлермен, егіншілермен бірге бұл мәселені қарап, тереңірек ойланамыз, зерттейміз. Күріштің егістік алқабының 80-85 мың гектарын сақтап қалып, қалғанына басқа дақылдар орналастыру қажет.

«Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta.kz» бағдарламасы сұхбатынан

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *