2021 ж. Сәуір 14

Ысқақовтың ісі өзгеріссіз қалды

Бүгін Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты апелляциялық алқа үкімі жариялады. Бұл туралы адвокат Ләззәт Ахатова өзінің «Фейсбук» парақшасында былай дейді:

Бүгін Қызылорда облысының экс-әкімінің ісіне байланысты апелляциялық алқаның сот үкімі жарияланды.

Бірінші сатыдағы сот үкімі өзгертілді. М.Имандосов пен М.Делмұхановтың қылмыстары қайта сараланды. 190-шы баптан Қылмыстық Кодекстің 361-ші бабына ауыстырылып, екеуіне де 3 жылдан бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмаиловтың да қылмыстары қайта сараланып, Қылмыстық Кодекстің 432-ші бабына ауыстырылды. Екеуіне де 2 жылдан бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал басты фигурант Қуанышбек Ысқақовтың жазасы өзгеріссіз қалдырылды..



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған