QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қылмыстық істер азаюда

Автор:QAA.kz

Янв 15, 2021

Қызылорда қаласы нөмірі 2 сотының 2020 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстары:

Жалпы өткен жылдың 12 айында 664 іс және 734 адамға қылмыстық іс түскен. Қылмыстық істер саны-428, теріс қылық бойынша-236 іс және 2019 жылдан қалған қосымша 52 қылмыстық іс. 2017 жылғы 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қылмыстық сот ісін қағаз және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін «Қылмыстық сот ісін жүргізу» бабы енгізілді. 2020 жылы 12 айында 417 қылмыстық ісі электронды тәртіпте тіркелген. Ағымдағы жылдың 12 айында 649 іс 706 адамға қатысты өндірісте қаралған. Оның ішінде :

— Үкім 494 іс сотталғаны 525 адам, ақталғаны 4 адам;

— Қаулы өндірістен тоқтатылғаны 81 іс 85 адамға,

жәбірленушімен татуласуға байланысты – 77, медиация қолданылғаны — 48 іс.

— Прокуратураға қайтарылғаны 74 іс 92 адамға , оның

Ішінде айыпталушыға іздеу жариялауға байланысты – 22 іс;

ҚПК-нің 323 бабының талабына сәйкес, яғни алдын ала тыңдауда басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық –процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтар анықталуы бойынша — 4 іс 2020 жылдың қорытындысымен 525 адам сотты болған, оның ішінде:

— бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны — 109 адам, яғни 20 пайызы;

— айыппұл жазасы 171 адам, яғни 32 пайызы;

— қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 49 адам, яғни 9,3 пайызы;

— бас бостандығын шектеу жазасы 182 адам, яғни 34,6 пайызы;

— шартты сынақ мерзімі 7 адамға белгіленген (ҚК-нің 63 бабы), яғни 1,3 пайызы;

— жазаны өтеуін кейінге қалдырылғаны 4 әйел адамға (ҚК-нің 74-бабы) яғни 0,7 пайызы;

Заңды күшіне енген сот актілері бойынша 194 адамға айыппұл жазасы 16 929 820 тенге, ерікті түрде төлегені 3 847 465 тенге. Барлығы 6 690 005 тенге айыппұл жазасы орындалған, төленуге жататыны 10 239 815 тенге (905 175 тенге басқа жазамен ауыстырылған сома), яғни 9 334 640 тенге орындалмағаны. 9 адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін салынған айыппұл 9 164 250 тенге салынған, орындалғаны 1 414 250 тенге, орындалмағаны 7 750 000 тенге. ҚПК-нің 476 бабының талабына сай айыппұл жазасын басқа жазаға ауыстырылғаны 23 адам, яғни 905 175 тенге айыппұл сомасы .

Қылмыстық істермен қабылданған жекеше қаулылар 2020 жылдың 12 айында қылмыстық істермен 25 жекеше қаулылар қабылданған. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заң бұзушылық фактілеріне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайлар — 13 ;

— Анықтау, алдын ала тергеу жүргізу кезінде жол берілген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтар — 11;

— Басқа жағдайларымен — 1 жекеше қаулы;

2019 жылдың 12 айында сот төрағасының жеке қабылдауына 5 азаматтардан өтініш түскен. Өтініштер бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірімелер берілді.

Мал ұрлығына қатысты : 2019 жылы 2 іс 3 адамға қатысты қаралған, жәбірленушімен татуласуға байланысты 2 іс өндірістен тоқталтылған;

2020 жылдың қорытындысымен 2 іс 4 адамға қатысты қаралған, 4 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған;

Алаяқтыққа қатысты : 2019 жылы сот өндірісінде 134 іс 147 адамға қатысты қаралған; Сотты болғаны – 73 адам, оның 43-і әйел адам;

Бас бостандығынан айыру жазасы – 26 адам; айыппұл жазасы -3 адам; бас бостандығын шектеу жазасы – 44 адам; үкімнің орындалуы кейінге қалдыру (ҚК 74-бабы) – 4 адам;

2020 жылдың қорытындысымен 100 іс 114 адамға өндірістен аяқталған. Сотты болғаны – 66 адам, оның 38-і әйел адам қатысты қаралған.

Бас бостандығын айыру жазасы — 20 адамға, айыппұл жазасы 1 адамға, қоғамдық жұмысқа тарту – 1 адамға, бас бостандығын шектеу – 41 адамға тағайындалған; үкімнің орындалуы кейінге қалдырылғаны (ҚК 74-бабы) – 3 адам;

Былтырғы жылмен салыстырғанда алаяқтық қылмыстары бойынша іс азайған, яғни 34 іске.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *