QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қылмыс жасайтындар көбейген

ByQAA.kz

Сәу 18, 2019

Қызылорда қалалық №2 сотына биылғы жылдың бiрiншi тоқсанында 226 адамға қатысты 199 iс түскен. Олардың 138 іс қылмыс болса, 61 iс терiс қылық бойынша, қоғамға қауiптiлiгi бiршама төмен. Ал, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 1 iс тiркелген. Бұл былтырғы жылдың үш айындағы қылмыстың iстермен салыстырғанда iстiң 40-қа өскендiгiн көрсетедi. Мұны Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы Айбек Кеңесұлы баспасөз конференциясында мәлiмдедi.

2017 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк кодексiне сот iсiн қағаз және электронды түрде жүргiзуге мүмкiндiк беретiн «Қылмыстық сот iсiн жүргiзу» бабы енгiзiлiген. Осыған сәйкес, былтырғы жылдан бастап электронды түрде қылмыстық iстер түсiп жатыр екен. 2018 жылдың үш айында электронды түрде 4 iс тiркелген болса, 2019 жылы 79 iс түсiп, салыстырмалы түрде айтқанда, 75 iске көбейген.

– Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанында өндiрiстен аяқталғаны 171 iс 183 адамға қаралған. Оның iшiнде, үкiм 101 iс сотты болғаны 101 адам, ақталғаны 3 адамға (жекеше айыптау тәртiбiмен) қатысты; өндiрiстен тоқталғаны 42 iс 46 адамға; оның медиация тәртiбiмен қаралғаны – 36 iс, яғни медиациямен 21 пайызы – дедi, Айбек Кеңесұлы.

Сонымен қатар, төраға iстi қарауда соттың әдiлдiгi әрқашан қадағалауда болатынын айтты. Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанында өндiрiстен аяқталып, қаралған 171 iстiң 101-i үкiм бойынша сотты болған. Оларға қылмыстық iстерге сәйкес жаза тағайындалған. Тарқатып айтар болсақ, бас бостандығынан айыру жазасы 21 адамға, айыппұл жазасы 24 адамға, қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 16 адамға, бас бостандығынан шектеу жазасы 39 адамға, шартты сынақ мерзiмi 1 адамға белгiленген. Тек бiр әйел адамның ғана iсi баласы 14 жасқа толмаған себептi жазасын өтеуi кейiнге қалдырылған екен.

Қызылорда қаласы соттарының мойнындағы ауыртпалықтың жыл өткен сайын күрделенiп келе жатқандығын айта кеткен жөн болар. Себебi, қазiргi таңда қылмыс жасайтындардың саны артқан. Қылмыс жасаудың да себептерi әр түрлi. Бiрi абайсызда, бiрi заңды бiлмегендiктен болса, ендi бiрi «Тамағы тоқтық, көйлегi көктiк аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтқандай, өзiне жеткiлiктi болса да, не iстерiн бiлмей қасақана жасайтындар. Негiзi адамдардың қылмысқа баруына елiмiздегi жұмыссыздық пен халықтың әлеуметтiк жағдайы әсер етедi.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған