QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Виртуалды сот жүйесі-бүгінгі заман талабы»

ByQAA.kz

Қыр 22, 2020

Жалпы мемлекетіміздің сот жүйесін цифрландыру процесіне келер болсақ, соңғы жылдары соттағы өткізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде бұл салаға ақпараттық технологиялар енгізіле бастады.

Яғни, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталып, барлық іс қағаздар мен құжат айналымдары электрондық форматқа ауысты.

Атап айтсақ, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, « Электронды қылмыстық іс» жобасы, электронды цифрлық қолтаңба, «Виртуалды сот» жобасы, «құқықтық қызмет орталығы» мен «тергеу соты» жобасы жұмыс жасайды.

Қазақстанда сот жүйесін дамыту бойынша айқындалған жеті басым бағыттың бірі – «Е-Сот» жобасы болып табылады. Осы тұрғыда «Виртуалды сот» жүйесі пилоттық жобасы іске асуда.

Бұл технологияның ерекшелігі сот төрелігінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, қағазбастылық азайады және де іс жылдам қаралатын болады. Ең бастысы, сот процесіне қатысушылардың қарым-қатынасына шектеулер қойылады, сондай-ақ елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде пайдалануға қолайлы.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жоба судьяларды қағазбастылықтан арылтады. Енді сот процесіне қатысушылардың барлығын сот залына жинамастан бұрын, олардың кез келгені үйінен немесе шет елден сот отырысына қатысуға мүмкіндік алмақ. Сонымен бірге, алыс ауылда тұратын тұрғындар енді бұрынғыдай сот ісіне қатысуға облыс орталығына келіп жүрмейді.

Аталған жоба аясында сотқа қатысушылар смартфондарына орнатылған “TrueConf” қосымшасы арқылы сот процесіне бейнебайланыс арқылы онлайн режимде тікелей қосыла алады. Сот процестерін виртуалды өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдеп, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, сот жүйесін дамытуға бағытталған осындай жобалардың басты мақсаты, соттар жұмысының тиімділігін арттыру, сот төрелігінің сапасын жақсартып, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстарын оңтайландыру және қоғамның сотқа деген сенімін арттыру болып табылады.

Қызылорда облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының жетекші маманы

Л.А.Қарлыханова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған