QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ

Автор:QAA.kz

Янв 28, 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кешегі кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей
Цой Қазақстанда вакцинация басталар алдындағы дайындық жұмыстары аяқталуда деп мәлімдеді.

Ресми деректер бойынша COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 1 млн адамға шаққанда 221 мемлекеттің ішінде 109-орында, өлім-жітім бойынша рейтингте 97-орында, COVID-19-ке сынақ тапсырғандар саны
бойынша — 69-орында, сауыққандар саны бойынша — 87-орында, ауыр жағдайлар саны бойынша — 50-орында.

Пандемия басталғаннан бері COVID-19 оң нәтижесімен 179 720 науқас және КВИ- нәтижесімен 47 445 жағдай тіркелді. Науқастардың 87%- ы сауыққан. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарлардың жүктемесі — 31%, реанимациялық төсекорындардың жүктемесі 19% құрайды.

Жалпы республика бойынша өткен жылы қараша айынан бастап КВИ ауруының өсуі байқалады, желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда 1,2 есе өсу байқалды. Орташа өсу үрдісі қаңтар айында да сақталды. Мәселен, қаңтар айында КВИмен ауырудың 24 247 жағдайы тіркелген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 1 ақпанда республикада вакцинация басталады деп жоспарлануда.
Вакцинация вакцинаның түсуін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін 6 млн-ға жуық қазақстандықты вакцинациялау жоспарланған. Бірінші кезеңде вакцинация КВИмен күресудегі «алғашқы желі» қызметкерлеріне
жасалады — бұл медицина қызметкерлері, педагогтар
және күш құрылымдарының қызметкерлері. Қазіргі уақытта вакцинацияны бастауға дайындық жұмыстары аяқталуда. Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты
әзірленді. Болжам бойынша, бірінші жартыжылдықта 2 млн
адамды вакцинациялау 40 мыңға дейін тіркелетін жағдайды азайтады.

Вакцинациядан болатын әсер бірінші кезеңде иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен және халықтың көп санын бір мезетте вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектелетін
болады. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.


Қызылорда дайын ба?


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының
басшысы Пазилов Сәбит Бексейітұлы Қазіргі таңда дүниежүзінде пандемияның екінші кезеңі жүріп жатыр. Аймағымызда Мемлекет басшысының індеттің жаппай таралуының алдын-алуға қатысты тапсырмаларына сәйкес, облыс әкімінің бақылауымен арнайы іс-шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстарды жүргізу жалғастырылуда.
2021 жылдың ақпан айынан, облыс тұрғындарына ерікті вакцинациялау жұмыстары жүзеге асырылады.

I кезеңде медицина қызметкерлерін, педагогтарды, күш құрылымдарының қызметкерлерін қоса алғанда, халықтың жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары топтары қамтылатын болады.
Вакцинаны сақтаудың температуралық режимі минус 20°С екенін назарға ала отырып, талап етілетін температуралық режимдерді сақтау үшін 2021 жылдың қаңтар айында облыстық бастапқы
медициналық көмек көрсету медициналық ұйымдары мен №6 қалалық емхананың базасында орналасқан вакцина сақтау қоймасына көрсетілген температуралық диапазоны бар қажетті мұздатқыштармен жабдықтау үшін жергілікті бюджет есебінен
қосымша қаражат бөлінді.

Қызылорда облысын І кезеңінде вакцинациялауға қажетті 80 000 доза вакцина тасымалданып, егу
жоспарланып отыр.

Қалалық №6 емхананың базасында орналасқан орталықтандырылған вакцина қоймасында «Қызылорда облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті талаптарына сай, коронавирусқа қарсы вакциналарды сақтауға арналған 3 тоңазытқыш сатып алуға конкурс жарияланды. Халықаралық вакцинология орталығының мамандар ұсынымына сәйкес, тоңазытқыштардың сақтау температурасы +200 , -200 -ты құрайды.

Барлық медицина ұйымдарында егу жұмыстарына дайындық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы «Инфекциялық аурулардың алдын
алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» №126 бұйрығы
негізінде жүргізіледі.

Іріктелген 80 000 доза вакцина салуға 8,4%
(6717) медицина қызметкерлері, 23,5% (18858) педагог қызметкерлер, 56,7% (45390) жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары созылмалы аурулары бар контингент 56,7% (45390), студенттер – 10,3% (8241) және жабық, медико-әлеуметтік мекемелер қызметкерлері — 1,0%-ды (794) құрап отыр. Телемедицина арқылы «Облыстың медицина ұйымдарында «Спутник V» вакцинасынын жүргізудің алғы шарттары, қабылдау, тасымалдау және егу жұмыстарын ұйымдастыру алгоритмі мен
вакцинациялауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақырыбында алғашқы медициналықсанитарлық көмек көрсету медициналық ұйымдарының 65 жауапты маманына семинар өткізілді. Облыста осы тақырыпты оқыту бойынша — 324 эпидемиолог және медицина қызметкерлері қамтылды.

Жалпы медициналық ұйымдарда вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияның маңызы туралы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде, ата-аналар үшін ақпарат «Whatsapp» әлеуметтік желілері, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ онлайн режимде таратылды.

Облыс бойынша маусымға 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме: емха­налар, фельдшерлік-акушерлік, медицина­лық пункттер, дәрігерлік және ауылдық амбулато­риялар жұмылдырылатын болады, оларда 54 фильтр кабинеттер, қосымша 79 телефондар (теле­фон арқылы кері байланыс), шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейтін болады. Үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша — 81 автокөлік бөлінді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *