Тоқаев тоқтамы: УАҚЫТТАН ҰТЫЛУҒА және БІР СӘТКЕ ДЕ БОСАҢСУҒА БОЛМАЙДЫ

ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы барша адамзат
үшін бетбұрыс кезеңіне айналмақ. Бұл жыл алдағы
онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай
күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де
босаңсуға болмайды.


Жылдың басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай, жаңғыруға жол ашып,
жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар
жүргізілетін болады.


Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті
қоғам құруға жұмылдыруымыз керек.


Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді.


Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы
ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды
тартамыз. Олардың әрқайсысы ел тағдырына әсер
ететін шешімдерді қабылдауға өздері тікелей қатысатынын білгені жөн.


Ортақ іске үлес қосып жатқанын сезінуі маңызды.
Мен ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
тұжырымдамасының мәні осында.


Біз ұлттың жасампаздық әлеуетін пайдаланған
жағдайда ғана алға басып, табысқа жете аламыз.


Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу –
ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Мен жаңарған депутаттық корпус өзіне жүктелген бұл міндеттерді
абыроймен атқарады деп сенемін.


Құрметті депутаттар!
Біздің стратегиялық бағдарымыз – айқын.
Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына
қосылу. Дамыған ел дегеніміз – ең алдымен, дені сау, білімді және бақуатты жұрт. Сондықтан, мемлекеттің басты
міндеті – азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әлауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау.


Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Еліміздің ұзақ мерзімді дамуы Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу қағидаттарына негізделеді.


Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда
дәйекті өзгерістер жасаймыз.


Президенттiң жаңадан сайланған Парламенттiң
алғашқы отырысында сөйлеген сөзінен

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here