QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тойып баратын той болады ма?..

ByQAA.kz

Мау 4, 2020

Жаһанды жаулаған індетке байланысты елімізде 16-шы наурыздан бері әралуан мемлекеттік іс-шаралар, халықтың той-томалақтары және басқа да жоспардағы жұмыстар кейінге шегерілді. Қазір елдегі карантиндік талаптарды жеңілдетудің жаңа кезеңі басталды. Блок-бекеттер алынып, біраз нысандар қайта жұмыстарына кірісті. Бірақ, той-томалақтардың өтуіне әлі де болса рұқсат берілмеді.

Дәл қазіргі уақытта облыстардағы той салондары, той ұйымдастыру орталықтары жұмыстарын бастап кетті. Қыздар той көйлектерін жалға алып, асабалар тойға тапсырыстар қабылдап жатыр. Бірақ той өткізетін мейрамханалар жабық. Жарайды. Үйде ұзатылатын қыздар қазақы көйлектерін жалға ала беруі мүмкін, өйткені бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде дәмханалар мен мейрамханаларға 50 адамға дейін келуіне рұқсат берді.

Еліміздегі бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова: «Біз дәмханалар мен мейрамханаларды ашқан кезде, алдымен, бір мезетте 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат еттік. Карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде 50 адамға дейін рұқсат берілді. Бірақ ұжымдық шараларға тыйым салдық. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді», ­ – деді.

Бас санитар дәрігердің сөзіне қарасақ тойдың ауылы әлі алыс сияқты. Ал енді осы кезде той көйлектерін жалға алып шала бүлініп жүргендердің жағдайы не болады? Осы жағдай болмағанға дейінгі той ұйымдастырушылар, той салондары мен асабалардың алған тапсырыстары қалай болып жатыр? Жағдай жыл соңына дейін жалғаса беретін болса, олардың күн көрісі қалай болар екен? Бәрінен бұрын даңғарадай мейрамхана тұрғызған кәсіпкерлердің жағдайы қалай?

Негізі той­томалақтың болмайтыны тұрмыстық жағдайы орташа, немесе нашар отбасыларға жақсы көмек болды. Өйткені олар қызы ұзатылып, ұлы келін әкелемін дегенде сөзсіз несиеге қарай жүгіретін белгілі. Ал қазір көбі осы жағдайды пайдаға асырып бірі келісіммен тып­тыныш қана қызды алып қашып, бірі ата­анасының рұқсатымен келін алып отыр. Жалпы алғанда көбі қазақтың тойы «ысырап» деп жатады. Тіпті, «той жасаған ақшаға балаларына неге үй алып бермейді» деген пікірлер де жоқ емес. Негізі осы іспетті пікір біріне ұнап, біріне ұнамай қалуы мүмкін. Бұл той жасайтындарға ұнайды, бірақ той ұйымдастырушылар мен асабаларға ұнай қоймайтыны анық. Өйткені олардың арасында да нәпақасын тек тойдан ғана тауып отырғандар бар.

Ал, дәл қазір сол асабалар мен той ұйымдастырушылардың жағдайы қалай екен?

Т.КЕНЖЕБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған