QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ТОҒЫЗ ЖЫЛДЫҢ ТОЗАҒЫ

Автор:QAA.kz

Сен 4, 2020

Өткен жылы Қызылорда қаласындағы Назарбаев даңғылы бойында орын алған жол көлік оқиғасы халықтың арасында қызу талқыға түсті.

Естеріңізге сала кетейік. Өткен жылдың қараша айында “Тайота – 30” маркалы автөлігін тізгіндеген жас жүргізуші абайсызда “Мерседес” көлігін жанай соғып, адамдар толы аялдамаға соқтығысқан болатын. Нәтижесінде, үш бүлдіршін және бір ересек адам көз жұмды. Оның үстіне Нұрислам мен Кәусар атты бір шаңырақтың балалары оқиға орынанда қаза тапқан еді. Сонымен қатар, аялдамада тұрған бір адам ауыр дене жарақатына душар болды.

Қызылорда облысының прокуратурасының мәліметі бойынша 2020 жылдың 22 маусымындағы сот үкімімен “Тайота – 30” автокөлігінің жүргізушісі Н. Байсеркеев Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен айыпты деп танылып, көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айрылып, 9 жылға түрмеге тоғытылды. Жаза қылмыстық-атқару  жүйесінің барынша қауіпсіздігі төмендетілген мекемесінде өтеледі.

Айыпталушының жасаған әрекетін сот жан-жақты саралап, нақты дәлелдер келтіру арқылы бекітті.

Жүргізушілердің көлікті  жүйелі жүргізуі, жол жүру ережесі мен мәдениетін сақтауы қанша адамның өмірін аман алып қалады. Баласынан айрылған ата-анаға да, асыраушынан айрылған отбасыға да бұл оқиға аса ауыр тигені анық.

Қай жерде болмасын сақтық шараларын сақтап, қауіпсіздік ережелерін басты назарда ұстаған абзал.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *