QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Тоқтың тоқшылығын қадағалау — мамандардың еңбегі

Автор:QAA.kz

Окт 7, 2020

Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен алынған қаражат көлемі төрт миллиардқа жуық. Әрине, қайтарымды несиені инвестиция көзі ретінде тартып отыр. Осы ретте, «ҚЭТТҚ» АҚ-на 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген. Оның үстіне біздегі электр тарату жүйелері жаңарып, сандық технологияға бағытталуда. Қызылорда қаласының аумағындағы Рисмаш ауданында 10 кВ электр тарату пункті салынған. Іші кең арнайы қораптың жұмысымен өз мамандарымыз айналысуда. Артықшылығы, барлығын компьютермен басқару. Бұл жердегі қондырғылардың көлемі де кіші әрі ыңғайлы. Әр уақыт сайын тоқ көзінің көрсеткіштерін санап, қондырғысынан шығарып береді. Ең басты артықшылығы, ұрлық пен айлаға тосқауыл болмақ. Берілген экрандарда күмәнді көрсеткіштер байқалса, дереу дабыл қағылады. Біздегі Махамбет, Мис, Талдыарал, Жаңаарық елді мекендерінде 5669 адамның өлшеу құрылғылары жаңарып, жарақтанды. Сонымен қатар, толық ақылды жүйеге көшті.

Еуропалық компаниядан алынған ақылды жүйелер тоқ тұйықталған жағдайда секундтық уақытына дейін жадына сақтап, орталыққа хабар береді. Және тоқтан ажыратар уақытта барлық үйді емес, тек апатты аймақты ажыратуға мүмкіндік алды. Онымен қоса, аталған 5669 үйге баратын сымдар мен бағаналар жаңарып, сымдарды арнайы резеңкемен қаптаған. Бұл дегеніміз, кезіндегідей тоқты қалаған жерден жалғап ұрлауға болмайтындығын білдіреді. Бағаналардың барлығы бетоннан жасалып, қауіпсіздік жүйелері күшейген. Осы жаңалық негізінде Еуропалық қайта құру және даму банкі біздің өңірге 135 миллион теңге қайтарымсыз грант берген.

Қазіргі кезде, Шиелі, Жосалы, Арал, Қазалы, Төретам сынды подстанцияларда толықтай қайта жөндеу жұмыстары аяқталса, «ҚЭТТҚ» АҚ-мы барлық облыстағы электр арналарымен байланысты қайта орнатпақ.

Электр желілерінің тозу деңгейін бес пайызға төмендете отырып, 69 пайызға қол жеткізді.

Электр желілерінің көп тозған бөлігінің мол үлесі облыс орталығына тиесілі.

Жасалған жұмыстардан трансформаторлық ысырапшылдықтың алдын алуға жол ашылды. Бағаналар төбесіне орнатылатын есептеуіш құралдардың көрсеткішін смартфонға шығарып беру де қарастырылған. «ҚЭТТҚ» АҚ-ның кеңсесінде арнайы диспечерлік топ жұмыс жасауда. Тура бір фильмдердегідей ауқымды мониторда барлық аудандар мен қала аумағындағы электр тораптары онлайн режимде көрсетіледі. Қызыл түспен қосылған желілер белгіленсе, ажыратылған күйі олардың түсі жасыл болады. Мониторда әр үйдің күнделікті тұтынатын қуаты мен оның графигі бейнеленген. Тәулік сайын түңгі сағат 00:00 де орталыққа әр үйдегі қайта жаңғырған көрсеткіштер келеді.

2019 жылы мекеме өз қаражаты есебінен 241,7 миллион теңгеге ұзындығы 1869,52 шақырым болатын 110/35/10/0,4 кВ электр желісінде және 190 трансформаторлық қосалқы станциясында жөндеу жұмыстарын атқарған. Ағымдағы жылы 231,0 миллион теңгеге 289,13 шақырым 0,4 және оданда жоғары әуе желілеріне, 163 трансформаторлық қосалқы станциясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Біздегі электр қуатының жүйелігін, тоқтың тоқшылығын қадағалау осы мамандардың еңбегі. Мекемедегі диспечерлердің өзі жәй уақытта сан-мың телефон қоңырауларын қабылдап, жүйелі жұмыс атқаруда.

Ал тарифтің қымбаттауы жасалған жұмыстар мен қаражаттарды қайтарудың бірден-бір амалы. Десе де, қабылданған тарифтік құн карантиндік жағдай мен бұқараның жағдайы ескерусіз қалмады.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *