Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.
«Жыл соңына дейін үкіметке жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін, мысалы, тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.