QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қ.Тоқаев бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты

Автор:QAA.kz

Июн 17, 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің бастығы лауазымынан;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;

Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.

inform.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *