QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Өткен жылға қарағанда өзгеріс көп

ByQAA.kz

Сәу 22, 2021

2021 жылдың бірінші тоқсанында сот өндірісіне 70 қымыстық істері түскен , оның ішінде қылмыс санаты – 56 іс, теріс қылық бойынша 14 іс; өткен жылдан 62 қылмыстық іс қалдықта қалған. Жекеше айыптау тәртібімен өндіріске қабылданып қозғалғаны 5 іс.

2020 жылдың бірінші тоқсанында 184 іс түскен, оның ішінде қылмыс санаты – 105 іс, теріс қылық 79 іс, алдыңғы жылдан қалдық саны – 52 іс, жекеше айыптау тәртібімен қозғалғаны 3 іс

2021 жылы бірінші тоқсанында сотқа түскен істер саны былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір азайған, яғни 114 іске кеміген. Қылмыстық істердің азайған себептің бірі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде ағымдағы жылда істердің түспеуі де өзіндік себеп болып табылады (былтыр 53 іс бұйрықтық тәртіпте түскен).

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сот өндірісінде 96 іс 118 адамға қатысты аяқталған. Оның ішінде :

– Сот үкімі 79 іс сотталғаны 95 адам, ақталғаны 1 адам;

– Сот қаулысымен өндірістен тоқтатылғаны 5 іс 7 адамға,

жәбірленушімен татуласуға байланысты – 4, медиация қолданылғаны – 2 іс.

– Прокуратураға қайтарылған істер 11 іс 13 адамға, оның

1) айыпталушыға іздеу жариялауға байланысты – 1 іс;

2) ҚПК-нің 323 бабының талабына сәйкес, яғни алдын ала тыңдауда басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық –процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтар анықталуы бойынша – 3 іс;

3) ҚПК-нің 623-бабының 1-бөлігінің 2,3-тармақтарымен – 2 іс;

4) ҚПК-нің 626 бабы 1-бөлігі 1,2,3-тармақтарымен – 3 іс;

Басқа да жағдайлармен қайтарылғаны – 1 іс;

– Соттылығымен басқа сотқа жолданғаны – 1 іс;

ҚР 2017 жылдың 21-желтоқсанындағы № 118-VІ Заңымен ҚПК-нің 64-1 тарауы енгізіліп, қылмыстық істерді сотта бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен 2020 жылдың бірінші тоқсанында 53 іс сот өндірісіне түсіп қаралған. Ал, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қылмыстық істер түспеген.

Қылмыстық істермен жаза тағайындау.

2021 жылдың бірінші тоқсанында 95 адам сотты болған, оның ішінде

– бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны – 42 адам, яғни 44,2 пайызы;

– айыппұл жазасы 5 адам, яғни 5,2 пайызы;

– қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 8 адам, яғни 8,4 пайызы;

– бас бостандығын шектеу жазасы 34 адам, яғни 35 пайызы;

– шартты сынақ мерзімі 5 адамға белгіленген (ҚК-нің 63 бабы), яғни 5,2 пайызы;

– жазаны өтеуін кейінге қалдырылғаны – 0 (ҚК-нің 74-бабы) ;

– сот үкімімен қылмыстық жауаптылықтан босатылғаны – 1 адам.

Айыппұл жазасын тағайындау былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген, яғни 55 адамға.

Айыптау үкімімен сотталған 95 адам (127-2020 ж 1 тоқс.), оның 85 адамы (57- 2020 ж 1 тоқс.) қылмыс санаты :

– онша ауыр емес қылмыстар 9 адам (14- 2020 ж 1 тоқс.), оның 1 адам (0-2020 ж 1 тоқс.) – айыппұл, 5 адам (8-2020 ж 1 тоқс.) – бас бостандығын шектеу жазасы, 3 адамға (2-2020 ж 1 тоқс.) бас бостандығынан айыру;

(бас бостандығын айыру жазасын тағайындаған судья Бекетаев – 2 адамға, судья К.Кусекеев – 1 адамға)

– ауырлығы орташа қылмыстар 23 адам (11-2020 ж 1 тоқс.), оның 2 адам (2-2020 ж 1 тоқс.) айыппұл жазасы, 9 адам (6-2020 ж 1 тоқс.) бас бостандығын шектеу жазасы, 10 адам (2-2020 ж 1 тоқс.) бас бостандығынан айыру жазасы; 1 адам (1-2020 ж 1 тоқс.) шартты сынақ мерзімі тағайындалған; 1 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

(бас бостандығын айыру жазасын тағайындаған судья Н.Бекетаев – 3 адам, судья К.Еспенбетова 3 адам, судья Ж.Жәкеева – 3 адам, судья А.Сайдуллаев – 1 адам)

– ауыр қылмыстар 53 адам (32-2020 ж 1 тоқс.), оның 20 адамға (17-2020 ж 1 тоқс.) бас бостандығын шектеу жазасы, 29 адамға (15-2020 ж 1 тоқс.) бас бостандығынан айыруға, 4 адамға шартты сынақ мерзімі белгіленген.

Қылмыстық теріс қылық – 10 адам (70 -2020 ж 1 тоқс) сотталған, 2 адам (58-2020 ж 1 тоқс.) айыппұл жазасы, 8 адам (12-2020 ж 1 тоқс.) қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы;

Қылмыстық істермен қабылданған жекеше қаулылар

2021 жылдың бірінші тоқсанында қылмыстық істермен 7 жекеше қаулылар қабылданған. /2020 жылы 1 тоқсанында 10 – жекеше қаулы/.

КПК-нің 476-бабының талабына сәйкес үкімнің орындау кезінде соттың қарауына жататын мәселелер бойынша 2021 жылдың бірінші тоқсанында сотқа түскен ұсыныс материалдары – 369, өткен жылдан қалдық – 88; кері қайтарылып алынғаны – 39, сот өндірісінде қаралғаны – 313, оның қанағаттандырылғаны – 158, қанағаттандырудан бас тартылғаны – 108, қараусыз қалдырылғаны – 47 , есептік мерзімге қалдық – 105;

Есептік мерзімде былтырғы жылмен салыстырғанда ұсыныстар 312 материалға азайған, яғни 1,7 есе азайған.

2020 жылдың бірінші тоқсанында ұсыныс материалдарының көбею себебі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ Заңымен сәйкестендіру туралы ұсыныс материалдарымен көбейген, яғни 416 материалдары түскен. Ал, ағымдағы жылы осы санаттағы материал 20-сы тіркелген.

Қызылорда қалалық № 2-ші сотының баспасөз хатшысы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған