QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Тірісінде бағалайық»: Бейбіт Көшқалиев пен анасының видеосы елдің жүрегін елжіретті

ByQAA.kz

Сәу 30, 2019

Анасы туралы видер жариялаған Бейбіт Көшқалиев көпшіліктің жүрегін елжіретті. Әнші жақындарын бар кезінде бағалау қажеттігін айтқан.

«Жұбаныш Жексенұлы ағамыз бірінші әкесінен, жарты жылдан соң анасынан айырылған еді. Сол кезде ол бізге мынадай насиxат айтты: «Мен жұмыс деп, ата-анамның қасында аз болыппын. Бүгін өкініп жатырмын. Сол үшін жігіттер, ата-аналарыңды тірі кезінде бағалап, көбірек бірге болуға тырысыңдар».

Ата-аналарымызды бағалап, жандарында жиі болып, уақыт бөліп, қызмет қылуға тырысайық, достар! Шынында, олардан артық бізге шынайы жаны ашып, артымыздан дұға жасап, тілеулес болатын адам жоқ!», – деп жазады Көшқалиев.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің сөздерін растаған.

«Дұрыс айтасыз», «Қолда барда алтынды бағалағанға не жетсін», «Ата-аналарыңызды бағалап, қадірлей жүріңіздер», » Анам бұл өмірге қайта айналып келсе ғой», «Аяулы да ардақты Аналарға бас иемін», – деп жазған олар.

nur.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған