QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тіл мерейі, ел мерейі

ByQAA.kz

Мам 27, 2020

Мемлекеттік тіл- әрбір елдің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

«Ұлттың сақталуына да», жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі. Тілді өркендету-баршаның ісі. Тіл-қарым-қатынас құралы емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тілі мәртебесіне көтергенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз деген болатын. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді кұрметте» деп бекер айтылмаса керек. Ендеше асыл мұрамыздың біріне айналған мемлекеттік тілімізді қастерлей білейік.

Қызылорда қаласының №2 сотының

бас маман сот отырысының хатшысы Д.Серікқызы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған