QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тіл-ұлттың жаны

ByQAA.kz

Мам 29, 2020

Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашығының айқын көрінісі, Ана-тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы, Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл. Тіл-халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі-ұлттың мәселесі. Тілді өркендету –баршаның ісі. Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ойлаудың дүниетанымның,рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.

Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәденеиет баспасөз, радио, теледидарымыз бұрынғы жылдарға қарағанда әлдеқайда қазақша сайрап тұр десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебеміздің асқақтағаны. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы Н.Бейсенбаева

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған