QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тергеу изоляторында қауіпсіздік шаралары қайта күшейтілді

ByQAA.kz

Сәу 28, 2021

Қызылорда облысының «қызыл аймаққа» өтуіне байланысты, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1мекемесінде коронавирустық инфекциясының алдын алу шаралары қайта күшейтілді.

Мекеменің кіре берісіндегі Бақылап өткізу бекетіндегі қызметкерлер індетке қарсы қорғаныш киімдерін киіп, бетперде, қолғаптармен жұмыс атқаруда. Жабық мекемеге кіріп-шығатын барлық келушілер мен мекеме қызметкерлерінің маска тағып жүруі тексеріліп, дене қызуы өлшеніп, қалыпты деңгейде болғанда ғана кіргізіледі.

Содан соң, мекемеге келушілер дезинфекциялау мақсатында орнатылған, компрессор тунель арқылы өтеді. Бұл олардың ішкі және сыртқы аймақта қауіпсіз қалыпта болуынан қорғайды .

Сонымен қатар, сотталғандар мен айыпталушылар серуенге шыққан уақытында, арнайы ғимаратта орналасқан камералар роторлы бүріккіштердегі дайындалған ертінділермен залалсыздандырылады. Өндірістік орындар мен асханада санитарлық жұмыстар күнделікті атқарылуда.

Қайта белең алған жұқпалы індеттен сақтанудың ең қауіпсіз жолы, вакцина қабылдау. Сондықтан, бүгінгі таңда мекеме қызметкерлері мен қамауда ұсталып отырылған азаматтардың көпшілігі «Спутник V» екпесін салдырды.

Осылайша, қоғамда қайта өрши түскен қауіпті инфекцияны жұқтырмау үшін және қызметкерлері мен жазасын өтеушілердің денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында, мекеме басшылығының тарапынан, барлық алдын алу шаралары қатаң түрде қадағаланып отыр.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған