QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Темекінің тегі бар

Автор:QAA.kz

Сен 22, 2020

Сандық бағдарламалар мен арнайы шифрлерді енді темекіге де таңбаланбақ. Атап айтсақ, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдері жаңа шарттар бойынша сатылымға шықпақ. Яғни, әр өнімге 2D сканер қолданылатын болады. Бұл сканерлер арқылы сатып алушы өзі алған өнім мен өндіруші туралы толық ақапаратты біле алады.

Сандық жүйені ешқандай құрал бұза алмайды. Өздеріңізге белгілі энергетикалық сусындар, темекі өнімдері талай рет жеке мекен-жайлардан заңсыз, астыртын өндіру кезінде әшкереленді. Әлемге белгілі маркалардың қорабын ғана алып, жасанды өнімдерді сатып жүргендер әлі де бар болуы мүмкін.

Өз кезегінде бұл әдіс тұтынушыны жасанды әрі зиян өнімнен сақтап, сауданың заңдылығын қамтамасыз етеді.

Тауарларды таңбалауға DataMatrix бірегей коды пайдаланылмақ.

Бүгінгі күні кәсіпкерлерге ыңғайлы болатындай сандық таңбалауды енгізумен тауарды қадағалау  жөніндегі ұлттық оператор нарықтық сканерлерді тексерістен өткізіп, қажетті құралдарын таңдап алды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *