2021 ж. Сәуір 14

Telegram-бот жобасы іске қосылды

Ол үшін Telegram желісіндегі @kzl_obl_sud_bot арқылы кіріп, «Start» батырмасын басу қажет.

Бұдан кейін келесі мазмұндағы ұяшықтар шығады. Сіз өзіңізге қажетті ұяшықты, яғни оператордың жылдам жауабын, аудандық және оған теңестірілген соттарының боттары мен соттың жаңалықтар арнасын таңдай аласыз. Тиісті батырманы таңдағаннан кейін өздеріңізді толғандырған сауалдарыңызды қоя аласыздар!

Жобаның мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, азаматтардың сот ісін және іс қағаздарын жүргізу өтініштеріне жедел, тиімді жауап беру.

Соттардың боттары сот актілерімен келіспеу сипатындағы өтініштерді қарастырмайды, тек мәліметтер ақпараттық-анықтамалық түрде ұсынылады.

Бүгінгі күні ақпан айынан бастап іске қосылған telegram ботқа жүгінген азаматтар бар.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған