2021 ж. Сәуір 14

ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ…

Қыс-көктем айларындағы Сырдария өзені арнасындағы мұз ұстасу және мұз жүру кезеңдерінде облыс аумағында су тасқыны қаупі туындайды. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма бас- шысының орынбасары Алиев Бағдат Исламбекұлы, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Молдақараев Саид Шазындаұлы және «ҚАЗСУШАР» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ерназаров Жорабек Шәрікбекұлы,
«ҚР АШМ су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі арал-сырдария бассейндік инспекциясы» РММ басшысы Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлының мәліметтері бойынша аймақ биыл қандай жағдайға да дайын болып отыр. 2021 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Шардара су қоймасы арқылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына түсіп жатқан су көлемі секундына 200 текше метрді құрайды, оның 100-ін Көксарай су реттегіші алуда. Облыс аумағына секундына 100 текше метр су келуде. Жоспарға сәйкес «Қазсушар» Қызылорда филиалы, төтенше жағдайлар департаменті және атқарушы органдармен ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап облыстың барлық аумағында тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылып, тұрақты түрде тікұшақпен әуеден мониторинг жүргізілуде. Бұндай жұмыстар су тасқыны кезеңінің соңына дейін жүргізілетін болады.
Су тасқынына қарсы материалдықтехникалық құралдардың 68,6 тонна жанар жағар май, 154 590 қаптар және басқа да қолда бар материалдар қоры қалыптастырылған.


Жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін «KazDrillingCompany» ЖШС мамандандырылған мекемемен келісім-шарт жасалған. Су тасқыны кезеңінде халықты эвакуациялау үшін 84 эвакуациялық жинақтау және 103 эвакуациялық қабылдау пункттері дайындыққа келтірілген.
Сондай-ақ, «Қазгидромет» және «Қазсушар» Қызылорда филиалы Сырдария өзені арнасындағы 10 су бекеті пен 4 су торабында су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізуде. Бүгінгі күнге облыстың су шаруашылығы жағдайы бір қалыпты, бақылауға алынған. Қазіргі уақытта Сырдария өзеніндегі мұз Сырдария ауданы Керкелмес су бекеті тұсында (Қызылорда су торабынан 45 шақырым жоғары) тұр. Сырдария өзеніндегі мұздың қалыңдығы (Қармақшы,
Қазалы, Арал аудандарында) 19-38 см аралығында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған