QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Талапқа бағынбаған қызылордалық кәсіпкерлер анықталды

Автор:QAA.kz

Июл 27, 2020

Қызылорда қаласында карантиндік талаптарды сақтамаған 13 кәсіпкерлік нысан анықталып, кәсіп иелеріне анықтама толтырылды. Өткен тәулікте қала әкімдігі, эпидемиологтар және ішкі істер органдарының қызметкерлерінен құралған арнайы мониторингтік топ төрт бағытта жұмыс жүргізді. Мақсат кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзу фактілерінің жолын кесу. Рейд кезінде карантин тәртібін бұзған бірқатар кәсіпкерлік нысан анықталды. Оның басым бөлігі маска тағу және қорғаныш қолғабын кию міндетті талаптарын бұзған.

Сонымен бірге дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарының шекті уақыттан тыс жұмыс жасап тұрғандығы анықталды. Мәселен, Қорқыт ата 3а мекен жайында орналасқан «Саламат» дүкенінің иесі жарықты өшіріп қойып, 22:30 ға дейін жұмысын тоқтатпаған. Ал Байтұрсынов көшесінің бойындағы «Коммуналка бар» кафесінде келушілердің жиыны 23:00 ге дейін жалғасқан. Олар мониторингтік топтың араласуымен ғимаратты босатып, үйлеріне қайтарылды. Кәсіп иесі болса бас санитарлық дәрігердің қаулысымен таныс емеспін деп жауапкершіліктен жалтармақшы болды. Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов бастаған мобильді топ карантиндік талаптарға құлақ аспаған кәсіп иелеріне заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, анықтама толтырылып, шара көру мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі басқармасына жолданды.

Рейд кезінде жұмысшы топты көре сала есікті ішінен іліп, кәсіпкерлік нысанға тығылған азаматтар да кездесті.

Бұған дейін де арнайы мониторингтік топ қала аумағындағы санитариялық режим талаптарын бақылау мақсатында күнделікті кәсіпкерлік нысандарды аралап, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келді. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 116 анықтама толтырылып, сотқа жолданып, 8 кәсіп иесіне шара көрілген. Бұл жұмыстар карантин мерзімі аяқталғанша жалғасатын болады.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *