Калифорния штатындағы Колвилл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде 2,5 балдық жер сілкінісі болды. Қуаты 2,6-дан 5,9-ға дейінгі дүмпулер Невада шекарасынан бірнеше шақырым жерде тіркелді.
Ең қуатты жер сілкінісінің эпицентрі Калифорнияда, Невада штатындағы Смит Валлий қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің көзі 9,8 км тереңдікте болды. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.