QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

«Тұңғыш президентім» атты сурет салу сайысы

ByQAA.kz

Жел 4, 2020

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған әскери қызметшілердің ұл-қыздары арасында қашықтықтан сурет салу сайысы өтті.

«Тұңғыш президентім» атты сурет салу сайысы бөлімнің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Әскери қызметшілердің ұл-қыздарының үйлерінде салған туындылары бөлімдегі Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған тақтаға салынып, ұйымдастырушылар тарапынан бағаланды. Сайыстың мақсаты, жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып және Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сонымен қатар, жылдағы үрдіске сай әскери бөлімде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін «Президент бұрышы» жасалынды. Мұнда Н.Ә.Назарбаевтың жазған кітаптары, шығармалары, озық идеялары орын тапты. Және де, әлем көшбасшыларының Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті жайлы айтқан пікірлері мен Елбасымыздың өмірбаяны, қызмет барысы мен өмірдегі бірқатар суреттері ілінді.

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған іс-шара жыл сайын кең ауқымда өткізіліп келетін. Қазіргі карантиндік ахуалға байланысты қашықтықтан ұйымдастыруға тура келді. Бір қуанатын жағдай әскери қызметшілеріміздің ұл-қыздары бұл мереке мен сайысты асыға күтумен қатар жақсы нәтижелер көрсетті», – дейді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Арслан Абиев.

Сайысқа қатысушы балалар көркем шығармашылықты дамыту мен насихаттауға қосқан үлестері үшін бөлім басшылығы тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған