QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тұңғыш Президент күніне орай кездесу өтті

ByQAA.kz

Қар 30, 2020

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов және «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу аясында мекеме мамандарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел іргесінің еңсесі тік болуы жолында атқарған жұмыстарын атап өтті. Сондай-ақ, мерекені тойлаудағы негізгі мақсатқа да тоқталды.

Тарихқа шегініс жасасақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне белгіленген еді. Содан бері атаулы мереке жыл сайын атап өтіледі, – деді «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.


Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, т.ғ.к., Уәлихан Ибраев ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің тәуелсіздігі мен бірлігі жолында атқарған ерлігіне шолу жасады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған