QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Тәулігіне 700 көлікке қызмет етпек

ByQAA.kz

Ақп 22, 2021

Қызылорда қаласының сыртқы аумағында жаңа жанармай бекеті ашылды. Нысанның түр сипаты соңғы үлгіде жасалып, келуші қонақтарға жақсы жағдай қарастырылған. «Qazaq oil» брендіне тиесілі станцияда 23 адам екі ауысымда қызмет етуде. Ішінен шығатын асханалық өнімдер мен басқа да қажеттіліктерге қарап шетелдік көрініс ойсыз еске оралады. Сондай-ақ, нысанның қарамағында жолшыбайларға арналған душ пен әжетхана да орналасқан. Көп жолақты ұзын жолдың бойында орналасқандықтан жаздың күні, қала маңынан өтуші жүк тасымалдаушыларға суық судың керегі анық.

Станцияда 16 колонка жұмыс істейді. Бұл дегеніміз тұтынушылардың кезегін жылдам жүргізуге үлкен мүмкіндік туғызады.

Ашылу салтанатына арнайы барған қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы:

  • Мемлекет тарапынан да, қала әкімшілігі тарапынан да кәсіпкерлікті қолдауға жақсы жұмыстар жасалуда. Бұндай станцияның өзі қанша адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан, келуші қонақтарға сапалы қызмет көрсетеді деген ойдамыз, -деді.

Сонымен қатар, жақын арада аталған бекетке АИ-98 маркалы сапалы бензин жеткізілетін болады. Дәл бұндай бензин түрлері қалада жоқ дейді кәсіп иелері.

Бір тәулікте 700 көлікке қызмет көрсете алатын бекеттің тағы бірі Наурыз мөлтек ауданында пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, аталған брендтің жанармай станциялары бүгінде Арал мен Қармақшы аудандарында жұмыс жасауда.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған